Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Димаштай болуға жазсын!..”. Беспаев “аяғынан шалған” Әміре үнсіздікті бұзды

155

https://kaz.365info.kz/dimashty-da-ostigen-bespaev-zajytov-khysap-maskhara-boldy-video-311493

Ол халық айтса қалт айтпайды деген пікірде. Бұл туралы Әміре Today.kz порталына берген сұқбатында айтты.

“Біріншіден, ол телевизиялық жоба. Мен жақсы я жаман деп ештеңе айта алмаймын. Ұтамын деп барғаным рас. Әр конкурсқа ұтамын деп барамын. Бастысы, халық өзі айтып жатыр ғой. Пікірлерді өзіңіз де көрген боларсыз. Не үшін шу болып жатқанын.

Әбдіжаппар лайықты. Себебі оның эстрадада, шоу бизнесте жолы үлкен. Менің шоу бизнеске келгенім биыл ғана. Сондықтан ол мен үшін жай бағдарлама емес, үлкен тәжірибе болды. Өзімді жаңа қырымнан көрсеттім деп ойлаймын.

Әбдіжаппар талантты әнші. Харизмасы өте мықты, даусы да жоғары. Мамандар даусына байланысты сын-пікірлерін білдіріп жатты ғой. Байқау болғандықтан қобалжу болған шығар. Ол туралы артық ештеңе айта алмаймын. Оның жасы да жолы да үлкен. Тек қана сәттілік тілеймін. Өз басым оны сыйлаймын” – дейді ол бұл ретте.

Сонымен қатар Әміре “той әні” деген түсінікті жаман мағынада айтудың қате екенін айтады.

https://kaz.365info.kz/olar-ajta-beredi-roza-alkhozha-zhelide-khatty-synga-khalgan-inisin-khanattandyryp-khojdy-311733

– Мен тойға ешқашан қарсылық білдірмеймін. Білдірген де емеспін. Себебі, той – қазақтың қазынасы. Тойда кәсіби ән тыңдап отыра алмаймыз ғой. Ондай музыка болу керек. Бастысы той әндерінің қай жерде орындалуы керек екенін білу керек. Тойдың әнін болашақта айтпаймын деп те айта алмаймын. Неге айтпасқа. Әншілер әмбебап болуы керек. Түрлі әндерді айтуы керек деп ойлаймын.

Негізі “той әні” деген түсінік дұрыс емес. Жеңіл ән деп қабылдаған жөн. Себебі әр әннің тыңдарманы, тұтынушысы бар.

Ол өзін елдің Димашпен салыстырып жатқанына өте бақытты екенін айтады.

https://kaz.365info.kz/tyk-pozor-emes-abdizhappar-alkhozha-ozbekstandykh-ekenin-mojyndady-video-312004

– Көбісі Димашпен салыстырып жатады. Димаш мен үшін феномен. Мені Димашқа теңеп жатқаны, әрине, ұнайды, жағымды.

Димашқа өте қатты сын айтылды. Менің естіп жүрген сыным оның жанында түкке де тұрмайды. Қазір халықтың да тәжірибесі бар ғой. Ажырата, салыстыра біледі. Димаштай болуды жазсын, Әміре атамыздай болуды жазсын!

https://kaz.365info.kz/sondaj-anshi-endi-rinat-zajytov-dimash-turaly-ojyn-ashykh-ajtty-video-303921

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз