Аман Төлеев күзде облыстық мәслихаттың сайлауына қатыспайтынын айтты. Ол Мәскеуге барып, сенатор да болғысы келмейді екен.
Өйткені ол кісі қатты шаршапты. Бұл туралы экс-губернатор Кузбастың жергілікті ТВМ телеарнасына берген сұқбатында мәлім етті.
“Келмеске кеткенін білгенде (губернаторлық), бір жағынан арқаңнан ауыр жүк түскендей болады екен. Ешқандай қорқыныш жоқ, жан-жағына қарап қатардағы адамдар секілді өмір сүре бастайсың. Сондықтан, шынын айтқанда, саясатта қалғым келмейді, түк мән-мағынасы жоқ” – деді экс-губернатор.
https://kaz.365info.kz/han-sarajy-aman-toleev-tyratyn-yjdi-korgender-shalkhasynan-tysti-video-309735
“Шынын айтқанда, ол жерде маған тиесілісі – бір коттедж ғана. Онда да ол жалға берілген.
Мен бұл видеоны тексер деп прокурорға айтқам. Бірақ одан пайда болмады. Міне, осындай күсәлаудан моральдық тұрғыда шаршап кеттім, кетем саясаттан…” – деді ол Кузбастың жергілікті ТВМ телеарнасына берген сұқбатында.
https://kaz.365info.kz/10-mlrd-ty-bajbekke-berdim-myna-kisi-shirigen-baj-eken-video-237615