Әнші Нұрболат Абдуллин Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында концерт берді.
Бұл туралы Нұрболаттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. “Уәдемде тұрдым. Ұлан-Батырға келдім. Рақмет, қандастар”, – деп жазып, видео жүктеді.
Видеода қазақ қызы туралы ән шырқаған Абдуллин жас қыздардың жүрегін жаулап, бір шулатып қойды. Осы концертке қатысты жазбада лапылдаған оттың суретін салған ол өзінің де жүрегі жараланып қалғанын айтқысы келгендей.
Айта кетейік, сәуірдің басында Нұрболат Алматыдағы Республика сарайында алғашқы жеке концертін өткізген болатын.
https://kaz.365info.kz/auylbajsyn-bir-khyz-zhelide-nyrbolat-abdullinnin-maskharasyn-shygardy-video-310769
Нұрболаттың концертіне Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаевтар бастаған Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков, Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас сияқты қазақ өнерінің жарқын өкілдері мен үш мың халық келген еді.
https://kaz.365info.kz/yyat-boldy-goj-nyrbolat-abdulin-sahnada-tayakh-zhep-khaldy-video-308420
Наурыз айында Моңғолия елінде Мәдина Сәдуақасова мен Ұшқын Жамалбек жеке концерттерін өткізді.
https://www.instagram.com/p/BhrlD7YHdoD/?taken-at=219877973