Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
25
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

“Жұдырықтасайық!”. Сондерс Головкинді жекпе-жекке шақырды

Қазіргі уақытта Головкиннің командасы IBF өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр. Ұйымдағылар осыған дейін қазақстандық боксшыны америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтастырмай қойған еді.

“GGG, сен IBF титулыңды сақтап қалғың келіп отыр. Біз бірге жекпе-жек өткізе аламыз. Мен де IBF титулын сақтап қалғым келеді. Мен дайынмын”, – деп жазды Сондерс Головкинге Twitter желісіндегі парақшасында.

Осыған дейін Сондерстің промоутері Головкинге абсолют әлем чемпионы атағын алу үшін тамаша ұсыныс дайындап жатқанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Сондерс рингке Лондондағы О2 аренасына 23 маусымда оралады деп жоспарланып отыр, оның қарсыласы – ұлыбританиялық Мартин Мюррей.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз