Жанар Дұғалова көптен бері көрінбей кетті. Сахнада да, фильм, я болмаса сериал түсірілімдерінде де бой көтермейді. Бірақ, желідегі бір топтан байқап қалдық.
Орта жасқа жетіп қалған әнші желідегілердің ойынша шаңырақ көтеріп, ана болатын шаққа да жеткен секілді. Бірге бір жарнамада қол ұстасып, журнал мұқабасында шаңырақ көтерген жас жұп секілді фототүсірілімдерге түскен Жанар Дұғалова мен Тәуекел Мүсілімді көпшілік бүгінге дейін қосқан еді. Бірақ, жақында ғана берген бір сұқбатында Тәуекел сүйіктісінің бар екендігін мәлімдеді.
Алайда, көпшілік бұл жас жігітті қырғыз әншісі Мирбек Атабаев деп танып отыр. Рас, өтірігін білмейміз. Алайда, жақын құшақтасып тұрған екі әншіден жұрт жұп көріп отыр. Бірақ, кейбіріне әлгі жігіттің ұлты қырғыз екені жадына бататын секілді. Біздің әншіні қиғысы келмей-ақ тұр.
Десе де, бұл ақпараттың дұрыс, я бұрыстығын әншінің өзі жауап берер деген ниеттеміз.