Саясаттанушы ғой. Әзімбай Ғали өзі де ойланып, бізге де ой салады. АҚШ пен Ресей арасындағы соңғы жағдайлар, оның Қазақстанға әсері жайында батыл болжам жасапты. Саясаттанушы өз парақшасында былай дейді:
“Сирияда Ресей мен АҚШ-тың Екінші қырғи-қабақ соғысы ең биік дәрежесіне жетті. 1962 жылы Кариб теңізінде АҚШ пен КСРО конфликті өзара соғысқа айналуы ықтимал еді, бірақ Бірінші қырғи-қабақ соғысы нақты соғысқа айналмады.
https://kaz.365info.kz/zhyr-onasha-sojlesejik-zhelide-putin-men-nazarbaevtyn-ymdaskhan-videosy-pajda-boldy-284473
Ал Ресей мен АҚШ-тың бүгінгі шиеленісі кімнің қоқан-лоққысы шынайы?
Әскери-саяси текетіреспен қатар, АҚШ Ресейге экономикалық, финанстық, технологиялық, персоналдық қысымды күшейтіп келеді.
Соңғы санкциялар Ресейдің Қор биржасын құлатты. Ресейде рубль құлады. Ресей олигархтары жыртығын енді Ресей бюджеті арқылы жамайды. Ал орыс халқының тұрмысы онсыз да соңғы төрт жыл бойы қатты төмендеуде.
https://kaz.365info.kz/kozge-korinbejdi-putin-dyniede-zhokh-kharu-zhasap-shykhtykh-dep-eldi-shoshytty-video-305163
Әзірге орыс халқы Путинді қолдап, төзімділік танытуда, бірақ шыдам шексіз емес.
Орыстың империялық өркөкіректігі пен халқының төзімділігі қашан таусылатыны белгісіз.
Бірақ мен бірнеше негативті сценарийді ескертемін:
Біріншіден, осы жағдай жалғаса берсе, Ресей халқының тұрмыс жағдайы құлай берсе,
орыс ағайын «Путин жаман, Назарбаев жақсы» деп, Ресейден Қазақстанға қайта көше бастайды.
Бізде де жұмыссыздық, біздің демографиялық өсім жұмыссыздықты тудырады.
Екіншіден, Ресейге салынған санкциялар біздің экономика мен әлеуметтік салаларға кері әсер етеді. Қазақстан мен Ресей экономикалары 30-60% (әр салада әртүрлі) тығыз байланысты.
Үшіншіден, «сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей,
Украинада, Сирияда соққы алған, Батыстың санкцияларынан таяқ жеген Путин бізден өшін алмақ болып, бізге шабуыл жасауы да мүмкін”,
деп жазыпты Әзімбай Ғали.
https://kaz.365info.kz/dajyndala-ber-byl-habardy-estigen-putin-tyn-yjkhysynan-ajyrylypty-274653