Бас прокуратураның араласуымен ұрланған 2,7 миллион АҚШ доллары елге қайтарылды, деп хабарлайды қадағалаушы органның баспасөз қызметі.
Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен “Samsung Electronics” компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс жүргізген.
“Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елген қайтару Қазақстанның Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды”, — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды.
Ол биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.