Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қайтадан Қытай еліне аттанды.
Бұл туралыToday.kz хабарлады.
Димаштың жанкүйерлері сүйікті әншілерінің жаңа суреттері мен видеоларын желіге жарыса жүктеп жатыр. Қытай астанасының әуежайына қонған Димашты әдеттегідей жанкүйерлері асыға күтіп алды.
Айта кетсек, осыған дейін әншінің ота жасатқаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты Димаштың музыкалық продюсері Yizhe Tan Вейбо желісі арқылы таратты. Онда отадан кейін қалпына келген Димаштың Қытайға оралуға дайын екені айтылады.
Ал 5 сәуірде әнші Qazaqstan Ұлттық арнасына қонаққа келген болатын.
j