ҚР СІМ Германияның Мюнстер қаласында орын алған оқиғадан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеруде, деп хабарлайды Stan.kz.
Германияның Мюнстер қаласында белгісіз біреу жүк көлігімен жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан 3 адам көз жұмды. Сонымен қатар тағы 30-ға жуық адам жарақаттанған.
«Қазіргі уақытта біз Германияның оңтүстігіндегі Мюнстер қаласында көліктің адамдарды қағып кетуінен зардап шеккендері мен қаза болғандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексерудеміз. Германиядағы ҚР елшілігінің дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыста отыр», – деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында.
Айта кетсек, қазіргі уақытта оқыс оқиға болған аудан қоршалып, тергеу жүргізіліп жатыр.