Қазақстанда 2018 жылдың І-тоқсанында 259 810 автокөлік тіркеліп, абсолютті рекорд орнатылды.
Бұл туралы Қазақстандағы автокәсіпкерлік қауымдастығы хабарлады.
«Қазақстандық Автокәсіпкерлік Қауымдастығының» (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, 2018 жылдың наурыз айында Ішкі істер министрлігі 91 160 автомобильдерді есепке қойды, бұл ақпан айына қарағанда 3,2 процентке артық, 2018 жылдың І-тоқсанның қорытындысы бойынша, 259 810 авто тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда бұл көлем 18,4 процентке артық. Бұл – соңғы үш жылдың абсолюттік рекорды.
Осы жылдағы үш айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 16 649 бірлік техниканың барлық түрлері тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 234 автомобильге артық.
І-тоқсанда қайталама тіркеуге 243 161 автокөлік алынды, бұл тіркеудің жалпы санының 93,6 процентін құрайды. Тіркеудің жалпы санының шамамен 65 проценті – 2008 жылға дейін шығарылған автомобильдер (169 349 бірлік). 3 жастан 10 жасқа дейінгі техникадан – 65 364 бірлік, 3 жылға дейінгілерден – 24 861 автомобиль” делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.
І-тоқсанның қорытындысы бойынша,
тіркеу саны бойынша көшбасшы болған Toyota – 40 852 бірлік.
ІІ-орында Lada (VAZ) – 35 032 автомобиль.
ІІІ-орында Mercedes-Benz (Daimler): негізінен 10 жастан асқан неміс машиналары тіркеуге алынған – 19 915.
Кішкене артта қалған Volkswagen көліктерінің есебі – 19 108 бірлік.
V-орында шығу жылдары әртүрлі Audi – 14 806 тіркеулер.
Аймақтар арасында тіркелу саны бойынша,
халықтың тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы әлі де көшбасшы болып отыр, мұнда қаңтар-наурызда 39 607 автокөлік тіркелді (бастапқы тіркеу саны – 1 457).
Екінші орында – Алматы облысы – 38 327 бірлік, оның ішінде 1 208 жаңа тіркелген автомобильдер.
Аймақтар рейтінгісінің үшінші және төртінші орындарында республикалық маңызы бар қалаларына тиесілі – Алматы (32 705 бірлік) және Астана (21 994 бірлік). Дәл осы жерде жаңа автомобильдердің сатылымы да көбірек – бастапқы тіркеу саны 3 407 және 2 046, тиісінше.