Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин британиялық Билли Джо Сондерстің қалауы бойынша онымен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды САА vRINGe.com-ға сілтеме жасаған «SPORTINFORM», деп жазады ҚазАқпарат.
Британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уорреннің сөзіне қарағанда, жекпе-жекті күзде ұйымдастыру үшін келіссөздер жүріп жатыр.
«Мен Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлестім, Головкин-Сондерс жекпе-жегін күзде өткізуді жоспарлап жатырмыз. Билл қолынан жарақат алған еді. Ал Головкиннің командасы жекпе-жекті 5 мамыр күні өткізуді жоспарлаған. Бұл жекпе-жекті маусымда өткізу де мүмкін болмай тұр», – дейді ол BoxingScene басылымына берген сұхбатында.
https://kaz.365info.kz/boks-bolmajdy-golovkin-alvares-revanshy-resmi-tyrde-kyshin-zhojdy-309234
«Оның үстіне Билл 23 маусымда Мартин Марреймен кездесіп, титулын қорғайды. Жеңген жағдайда, күзде Головкинмен кездесуде титулдарды біріктіру мүмкіндігі туады. Ол ауқымды кездесу болатын еді, біз оны Британияда қуана өткізер едік», – дейді Фрэнк.