Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Менің отаным емес….”. Орыс мектебіне ауысқан мұғалім сұмдық жайттың куәсі болды

210

 

https://kaz.365info.kz/bar-dese-barasyn-deputat-khyl-sekildimiz-degen-mygalimnin-ozine-yrsyp-tastady-303179

Жазбаның мән-мазмұнын бұзып алмайық. Қаз-қалпында беріп отырмыз. Сонымен…

“Орыс мектебіне ауысқан таныс мұғалім: ”сыныпта балалармен Отан, патриоттық тақырыбында сөйлескен едім…
 
 28 баланың 8-і ғана( қазақ балалар) өздерін патриотпыз деді.

Қалғандары (көбі басқа ұлт немесе аралас некеден туғандар) Қазақстанды отаным демейді, сондықтан өздерін патриот деп санамайды.

Бірі Ресейдің патриотымын, отаным – Ресей десе, енді бірі Германия, Израиль деп жатты.

Мектепті бітірген соң сол жаққа кетеміз, уақытша жүрміз деген”.

Тілдері орысша шыққан қалада туып-өскен қазақ баласында да сондайлық отаным, қазағым дейтіндей сүйіспеншілік байқамадым.

 

https://kaz.365info.kz/mektep-m-alimderi-bilim-zh-jesindegi-byly-tardy-ashy-ajta-bastady-229166

Бұған дейін қазақ мектебіндегі балалардың барлығының ” Отаным- Қазақстан! Мен елімнің патриотымын” дегендерін естіп үйренген ол мынаны көріп, жүрегінің мұздап кеткенін айтты.

Сонда қалай болғаны? Қазақ елінде басқа елдердің патриоттарын тәрбиелеп жатырмыз ба?

Жалпы орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларының бойынан өз ұлтына деген сүйіспеншілік табылмайтындай жағдайға келе жатқан жоқпыз ба?

Бұған назар аудару керек деп санаймын”, – дейді әріптесіміз.

Біздіңше,

бұл мақала баласын орыс мектебін апарған, апаруға оқталып жүрген қазақтарға ой салуы керек. Ой салады деп сенеміз…

https://kaz.365info.kz/olar-sodan-seskenedi-orystildi-auditoriyanyn-neden-yrejlenetinin-bilesiz-be-265990

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз