Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Әлемде 67 миллион адам аутизммен өмір сүреді

862

“Алуан түрлі шығармашылық науқандар мен ойындар ұйымдастыру арқылы қоғамның көңілін аудартып, оларға аутизмге шалдыққан балалардың да бұл қоғамнан орын тауып, өз болашақтарын ойлауына құқылы екендіктерін көрсеткіміз келді. Олардың өзгелерден айырмашылығы жоқ. Барлық балалар тең құқылы. Және оларға қолдау қажет екендігін де атап өткіміз келеді”, дейді ол.

Аутизм диагнозы бар бала мен өзге баланың арасындағы айырмашылықты байқау өте қиын. Дәл солай олардың қоғамға бейімделуі де оңай емес. Бұл тарапта, қордың «Әр бала мектепке лайықты» атты жобасының аясында бүлдіршіндер мектеп табалдырығын ашып, болашақтарына нық қадам жасауда.

«Әр бала мектепке лайықты» аутизм және басқа да ерекше күтім қажет ететін балалардың жалпы білім алуына, заман ағымына сай өмір сүруіне жағдай жасауға бағыталған. Аталған жобаны іске асыру барысында «Болашақ» корпоративтік қорына 700-ден астам өтініш келіп түсті. Олардың барлығы да сапалы білім алуға ниетті екендерін айтқан балалардың хаттарымен толтырылған.

Керуен ойын-сауда орталығында өткізілген науқан кезінде балаларға музыкалық және шығармашылық бағыттағы өнермен айналысуға мүмкіндік беретін арнайы іс-шаралар легі ұйымдастырылады. Онда болған аквагрим, көркемдік шеберліктер, мольбертте сурет салу, тұзды қамырмен мүсіндеу, лего-аймақтары, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламалары баллардың көңілін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар өзгелермен тіл-табысып танысуға да мүмкіедік ашты.

Ақпаратты насихаттау мақсатында келушілерге 3 000 мәліметтік флаерлер таратылып, шараға мыңнан аса адамдар қатысты. Сонымен қатар, қонақтарға 1 000 тг қайырымдылық жарна беріп өз дизайнымен, жеке ерекше суретімен сөмке алуына мүмкіндік берілді. Ал одан түскен қаражаттың түгелдерлігі «Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасын іске асыруына жіберіледі.

Сонымен қатар, бүгін Kinopark IMAX 7 кинозалы балалар үшін арнайы жабдықталып, оларға «Коко құпиясы» мультфильмінің адаптивті көрсетілім өткізілді. Айта кету керек, “Болашақ” мамандары кинотеатр әкімшілігі мен қызметкерлеріне арнайы тренинг жұмыстарын ұйымдастырған. Соның арқасында олар ерекше балалармен қалай жұмыс жасау керектігінен де хабардар болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы тақілеттес жобалар әлі де өз жалғасын табады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз