“Канелоға” қандай жаза тағайындалуы мүмкін? бүгін, 10:41 32 0 REUTERS © REUTERS © Los Angeles Times басылымы Невада шатытының атлеттер комиссиясының (NSAC) басшысы Боб Беннеттің мексикалық Сауль “Канело” Альвареске қатысты шағымының бір бөлігін жариялады. Шағым бүгін 30 наурызда жасалды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Шағымда “Канелоны” спорттан бір жылға шеттету керектігі айтылған. Сегіз парақтан тұратын шағымда мексикалықтың “жарысқа зиян келтіруге кездейсоқ немесе спортқа қайшы әрекет жасағаны үшін кінәлі” екені айтылған.
29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды.
Los Angeles Times баылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.
https://kaz.365info.kz/golovkin-men-alvares-zhekpe-zheginen-kejin-doping-synamalarynyn-khorytyndysy-belgili-boldy-282431
Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды.
https://kaz.365info.kz/golovkin-kanelo-kharymta-zhekpe-zhegi-turaly-resmi-habardyn-khashan-zhariyalanatyny-anykhtaldy-297443
Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті.
Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.
Дерек көз:Tengrinews.kz.