Кәмелеттік жасқа толмаған баланы соққыға жықты деп күдікке ілінген Ақмола облысы Қорғалжын ауылының бұрынғы әкіміне қатысты іс сотта қаралып жатыр.
Бұл туралы Ақмола облыстық соты хабаралады, деп жазады.
Естеріңізге сала кетсек, Қорғалжын ауданының полициясы жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, артынша тоқтатқан еді. Ал сот-медициналық сараптама бойынша, соққыға жығылған баланың денсаулығына жеңіл-желпі зиян келген.
https://kaz.365info.kz/tilin-shajnap-tastapty-auyl-akimi-mektep-okhushysyn-tepkilep-tastagany-ras-pa-foto-304106
Жасөспірімнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Баланың анасының айтуынша, 2018 жылы 22 ақпанда жасөспірім Омаровтың 12 жастағы ұлын ұрып-соққан. Осы жанжалдан кейін Қорғалжын ауылының бұрынғы әкімі интернатқа барып, әйелдің ұлын соққыға жыққан көрінеді. Бала есінен танып, аудандық ауруханаға түскен. 25 ақпанда оны елордалық ауруханаға ауыстырды.
Дерек көз:Stan.kz.
https://kaz.365info.kz/kholy-myzdaj-auyl-akimi-sokhkhyga-zhykhkhan-balanyn-anasy-tagy-bir-symdykhtyn-basyn-ashty-304128