Сейсенбіде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер жауын жауады, тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, түнде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.