Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Қостанай түрмесінде бірден 4 сотталушы қайтыс болып, үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Жедел медициналық көмек бригадасы уланған сотталушыларды Әулиекөл ауданының орталық ауруханасына жеткізген.

«Медициналық сипатта көрсетілген барлық шараларға қарамастан, төрт сотталушының өмірін сақтап қала алмадық», – деп хабарлады ҚАЖ жүйесінің баспасөз қызметі.

23 наурыз күні уланған сотталушылардың бірі жансақтау бөлімінен арнайы медициналық палатаға ауыстырылды. Тағы үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Сотталушылардың қайтыс болу фактісі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді, Әулиекөл аудандық ІІБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз