Жасым 30-дан асып кетті. Бір баламыз бар, бірақ менің әйелімнің біреумен жатқанын көзіме келеді де тұрады.
Бұл менің алғашқы некем. Өзім де періште емеспін, дегенмен арамыз суып бара жатыр, басында ондай ойлар келмеген. Ештеңеге қараған емеспін.
Басында ойлағанмын, 21 ғасыр деп, Марсқа ұшып жатыр, ғылым дамып жатыр, қыздық ол ежелгі заман деп, бір қате кетсе кеткен шығар деп…
Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз ақ босағаны аттағаны. Әсіресе, достарымның айтқаны сүйектен өтті, ойлар басымнан кетпей қойды.
Мен өзімшіл емеспін, қайда барады сонда жеберем әйелімді, төркініне барса, барма демеймін. Дегенмен, жаным жай таппай жатыр.
Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің намысымды қалтама салып, үйлендім, шын жақсы көрем әйелімді. Әйелімнің жасы менен кіші. Тіршілік жасайды үйде, үйдегілер оны сыйлайды. Қандай, не пікір, қандай кеңес бересіңдер?
Талғат Шәріпхан
Автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды
https://kaz.365info.kz/men-kimge-kerekpin-paktiginen-ajyrylgan-khazakh-khyzy-279506