2016 жылғы Рио ойындарының чемпионы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 28 сәуірде Бруклиндегі Barclays Center аренасында өтетін бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады.
Бокс кешінің басты оқиғасы – америкалық орта салмақтағы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен польшалық Мацей Сулецкидің (26-0, 10 КО) кездесуі, – деп жазады Vesti.kz.
https://kaz.365info.kz/khalauy-sol-boldy-marat-eleusinov-ylynyn-sheshimine-kharsy-bolganyn-ajtty-305588
Қазақстандық боксшылардың қарсыласы кім екені әзірше белгісіз. Еске сала кетейік, Димаш Ниязов осыған дейін де Джейкобстың андеркартында жұдырықтасқан болатын. Боксшы былтыр қараша айында амеркиалық Агустин Маурасты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
https://kaz.365info.kz/khanat-islam-robson-assisti-algashkhy-raundta-nokautkha-tysirdi-video-250718