Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Сағадиевтер” мұғалімдерді “БілімЛэнд” ресурсына кіріңдер деп мәжбүрлепті

199

Сорақысы сол, жаңа компьютерлер жеткізілгенше, қолда бары ескіріп, істен шығып жатады екен. Ал 88 мектепте ғаламтор атымен жоқ.

Мәжілісте білім саласын цифрландыру мәселесі кеңінен қозғалды. Жағдайды бүге-шүгесіне дейін қалдырмай баяндап берген Сағадиев мырза кеңжолақты ғаламтор желісін тарту үшін биыл 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетінін мәлімдеді. «Осылай ғана саланы цифрландыра аламыз», – деді ол.

Ал депутаттар мұғалімдерді мәжбүрлі шараларға итермелеу деректерінің әлі де азаймай тұрғанын айтып, министрліктің жұмысын сынға алды.

Дәлірек айтқанда, кей мектеп директорлары мұғалімдерді «БілімЛэнд» сияқты білім беру ресурстарына кіруге міндеттеп қойыпты. Осылайша өздерін ізденімпаз ұжымды басқарып отырғандай көрсеткісі келеді екен.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл ресурстарға барлық орта мектеп толықтай қосылған. Бірақ мектептер арасында «БілімЛэнд» ресурсын қолдану жиілігінде айтарлықтай айырмашылығы бар. Егер бір кезеңде бір мектеп осы жүйеден 14 мың лекция алса, екінші мектеп тек қана 300-ін алады екен. Білім басқармалары осы лекция алуларын мониторингін жүргізеді екен. Ал мектеп директорлары өздерінің белсенділігін көрсету үшін мұғалімдерді осы ресурс керек болса да, керек болмаса да кіруге мәжбүрлейді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Біз оны естіген соң, бірнеше рет баспасөз бетіне де, ғаламторға да шығып, бізге ондай тәжірибе керек емес екенін министрлік өзі айтты. Енді мұғалімдер керек уақытта жүйенің мәнін, оны қалай жұмсайтынын түсініп, өздері әрі қарай жұмыстарын жасай береді. Біз рейтинг жасамаймыз, мониторинг жасамаймыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз