Әнші Заттыбек Көпбосынұлы туған жеріне барып, көкпар берді. Көкпарды тамашалауға 10 мың адам жиналып, додаға 2 мың атты қатысты.
Әнші бұл көкпарды ырымдап бергенін, ұлды болуды армандап жүргенін Instagram-дағы жеке парақшасында жазды.
«16-наурыз күні Бəйдібек ауданы, туған жерім Кеңес ауылында көкпар берген едім. Дүбірлі додаға атсалысып азаматтық танытқан, жанашыр болып жақындығын көрсетіп арқама сүйеу болған ағаларыма, ізеті мен қызметін көрсеткен інілеріме, Ордалы Оңтүстікті мекен еткен жұртыма басымды иемін.
Туған жерге тағзым ете отырып, Бəйдібек ауданының 90-жылдығы мен рухани жаңғыру аясында өткен көкпарға сарапшылардың айтуы бойынша 10 000-нан аса халық жəне 2000-ға жуық ат қатысты. Ел батасын беріп шаңырағыма ат жалын ұстап, көкпар тартар ұрпақ берсін деп дұға тілеген көпшілікке алғысымды білдіремін»,
– деп жазды әнші.
https://kaz.365info.kz/ashy-pyn-sizge-t-rsynbek-pen-zattybekke-sezimin-bildirgen-zhas-s-ludy-klipi-244018
Дүбірлі шараға жиылған қауым арасында Заттыбектің әріптестері – әнші Асхат Тарғын, Абай Бегей және актер Ерболат Төлеген де бар.
Айта кетелік, Заттыбек Көпбосынұлы шаңырақ көтергеннен кейін араға бірнеше жыл салып барып, қыз бала дүниеге келген. Әнші енді екіншісі болғанын армандап жүр.