Әнші Әлбина Шардарова өз парақшасында әкесі мен шешесінің бірге түскен суретін салыпты.
Суреттің астына:
«Анашым,туған күнiңiзбен! Әрқашан ақыл-өсиетiн құлағымызға құюдан жалықпайтын, жүрегi кең, кеудесi мейiрiмге толы, тiлеуiмiздi тiлеп, бар еркелiгiмiздi көтерiп отыратын бiздiң асыл қазынамыз. Әкем екеуіңiз балаларыңыздың, ұрпақтарыңыздың қызығына кенелiп, бақытты ата-әже атанып, бiздiң әр қуанышымыздың куәсi болып, ешқашан ауырмай, қол ұстасып жүре берiңiздер», деген тілегін де жазыпты.