Қытайда 20 жастағы жігіт 7 метр биіктіктен құлап, қаза болды.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Әкесімен бірге Қытайдың қасиетті жерлерін аралауға келген жігіт телефонға телміріп отырамын деп таудан құлап кетті.
Ол Цзюхуа тауындағы будда ғибадатханасы маңындағы орындыққа демалып алу үшін отырса керек.
Телефонынан көз ала алмаған ол, орындықтың арқасы жоқ екенін байқамаған. Нәтижесінде сүйенбек болып үлкен биіктіктен құлады.
Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Қауіпсіздік камералары жігіттің құлағанын түсіріп алған.