Айтыскер ақын Ринат Зайытов қазақтың санын көбейтуге іс жүзінде үлес қосып жүрген ер-азаматтардың бірі.
Ақын бесінші рет әке атанды.
“Амал мерекесі баршаңызға құтты болсын! Керемет мерекеде отбасымыз кішкентай xаншайыммен толығып жатыр. Аллаға шүкір! Құттықтауларыңызға, тілектеріңізге көп рахмет! Жұғысты болсын!” – деп қуанышымен бөлісті Зайытовтың келіншегі желідегі парақшасында.
Айта кетсек, Ринат Зайытов пен Зүлфия Тұрсынқызының Ақжүніс, Айша, Оспан және Аягөз есімді кішкентайлары бар. Осылайша Зайытовтың отбасы тағы бір атұстармен толықты.
Бұған дейін ақын ел телеарналарын сынап тастаған.
Оның айтуынша, қазақ телеарналары жалған ақпарат таратуда алдына жан салмайды.
«Егер телевидениеде бірдеңеге пікір айту менің құзырымда болса, шамам келетін болса, бүкіл теларналардың 90 пайыз бағдарламаларын жауып тастар едім. Бәрі ұнамайды маған. Жаңалықтардан бастап шалалықтарға дейін бәрі ұнамайды маған. Өйткені бәрі өтірік», – деген еді Зайытов.
Зайытовтың пайымдауынша, шындықты айту үшін міндетті түрде ел алдына шығып, «төңкеріс» жасау міндетті емес.
https://kaz.365info.kz/bajkhashy-rinat-rinat-zajytov-tagy-da-khatty-ajtkhan-eken-video-288742
«Шындықты айтпасаң айтпай-ақ қой, өтірік айтпау керек қой. Не нәрсе қалай болды, соны солай көрсетуге болады», – деген еді ол.