Айдана Меденова туған бауырларымен бірге осыдан 10 жыл бұрын өмірден озған анасына арнап бейнебаян түсірді. “Анашым-ай” атты лирикалық туынды көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Айдана Меденованың өнерпаздар отбасынан шыққанын бұған дейін бірнеше мәрте жаздық. Бүгінде еліміздегі ең сұлу әнші атанған Айдана 5 жасынан бастап ата-анасымен және аға-әпкесімен бірге тойларда ән салған. Айдананың ағасы Ермекті жұрт Super Star жобасынан жақсы біледі.
https://kaz.365info.kz/erzhetsin-degen-goj-anshi-tamara-asar-kyjeuge-tigeli-zhatyr-306047
Ал үйдің үлкені Назым жастай тұрмыс құрып, әнші атану арманын кейінге ысырған. Дегенмен адам бойына дарыған талант жасқа қарамайды.
Бірнеше баланың анасы атанған Назым Меденова бұл сөзіміздің айқын дәлелі. Назым Меденова өмірлік серігімен дуэт құрып, таяуда алғашқы туындысын халық назарына ұсынған болатын.
Анасы өмірден озғанда Айдана небәрі 11-сынып оқушысы болғанын айтады. Өмірдегі ең жақын жаннан айырылған кезде бәрінен бұрын үйдің еркесіне ауыр тиген.
Қайғылы оқиғадан бері 10 жыл өткен. Дәл осы себепті Назым, Ермек және Айдана Меденовтер аналарын еске алуды жөн көрген.
https://kaz.365info.kz/tokhalmyn-akhyn-khyrmanaj-bakhtiyarkhyzy-kyjeuinin-ozinen-12-zhas-kishi-ekenin-ajtty-306191