Бүгiн Таразда Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi жалғасты.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Бүгiн судья Азамат Тiлепов Мұратхан Тоқмәдиден қашу себебiн және оған қатысты заңсыз тергеу амалдары жүргiзiлген-жүргiзiлмегенiн анықтады.
«Бұған дейiн сотта берген жауаптарыңызды растайсыз ба?», – деп сұрады судья.
«Иә, растаймын», – дедi Мұратхан Тоқмәди.
«Сiзге қандай да бiр қысым жасалды ма?» – деп сұрады судья Тiлепов.
«Жоқ», – деп жауап бердi Тоқмәди.
Еске салсақ, 8 наурыз күнi Мұратхан Тоқмәди ауруханадан қашып кетiп,қайта ұсталды. Одан кейiн ол қашқанына өкінетінін айтқан едi.
Атап өтсек, бүгiн түске дейiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтан бейнеконференция арқылы жауап алынбақ. Ал түстен кейiн сот жарыссөзi өтпек.
Мұратхан Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, бопсалаумен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр. Сот процесi Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта өтiп жатыр.
Жалпы, 16 ақпанда басталған сот процесiнде барлығы 130 куәгердiң берген жауабы мен 79 том қылмыстық iс материалдары қаралды. Осылайша,14 жыл бұрынғы қылмыс қайта тексерiлуде.
Ал, 11 жыл бұрын бизнесмен Тоқмәди дәл осы қылмысы үшiн жазадан сытылып кеткен болатын. Сол кезде қылмыс абайсызда жасалды делiнiп, Мұратхан Тоқмәди Тараз қалалық сотының 2007 жылғы 3 қыркүйектегi үкiмiмен бiр жылға бас бостандығынан айырылып, рақымшылықпен жазадан босатылды. Бұл iс бойынша тергеу амалдары мен соттар 3 жылға созылған едi.
2017 жылғы 12 маусымда Алматыдағы арнайы операция барысында «ҚазСтройСтекло» ЖШС бас директорының кеңесшiсi Мұратхан Тоқмәди ұсталды. Бизнесмен «Iрi көлемдегi мүлiкке ие болу мақсатында бопсалау» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдiкпен құрықталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. 2017 жылғы қазанда КТК арнасынан көрсетiлген фильмде Тоқмәди Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындап, банкирдiң көзiн Мұхтар Әбләзовтың тапсырысымен жойғанын айтты. Бұл факт бұған дейiн жүргiзiлген тергеу барысында да анықталып, iс қайта қозғалған едi. Сондай-ақ, Әбләзовтен Тәтiшевтi өлтiру үшiн 2 траншпен 4 млн доллар көлемiнде сыйақы алғанын да жасырмады. Осылайша, Мұхтар Әбләзов Ержан Тәтiшевтiң өлiмiнен кейiн Тұран Әлем Банкiнiң басшылығына келген. 2018 жылғы 16 ақпанда Жамбыл облыстық сотында Тоқмәдиден жауап алынып, ол осы айтқандарын растады.