Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы желіде өзіне ұқсайтын қызбен бірге түскен суретін жариялап жұрттың ойын сан саққа жүгіртті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Журналист Instagram желісіндегі парақшасында бірнеше рет өзіне ұқсайтын қызбен бірге түскен суретін жариялаған. Тіпті соңғысында қалдырған жазбасында «ұл-қыздарым» деп жазып та қойған.
Сұлтанқызының жазбасынан кейін желі қолданушылары одан қызы бар-жоғын сұрады. Тіпті, «осынша уақыт қызыңызды жасырып жүргенсіз бе?» дегендер де табылды.
Ал бұған дейінгі жазбасында журналист ана мен қыздың қарым-қатынасы жөнінде сөз қозғайды.
«Ана мен қыз… Сіздерді бір нәрсе байланыстыру керек. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын нәрсе. Қаласаңыз тіпті иісін сезінуге болатын… Ол нәрсе сіздің құпияларыңызды сақтап, қызыңызға жеткізу керек. Сіздің өміріңіздің ең ғажап сәттерінің куәсі болып, қызыңызға оларды естелік ете алу керек. Сіз жоқ кезде ол қызыңыздың жанында қалу керек…» – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Журналистің өзі қызы туралы сұраған оқырмандарына жауап бермеді.