ШҚО-да келіншек отбасынан жасырын бала босанды. Ол жақындарына баланы көшеден тауып алдым деп жалған айтқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жақын күндері Өскемендегі “Ана мен бала” үйіне 7 айлық сәби келіп түсті. Баланың жағдайы өте ауыр күйде болды. Қызметкерлер баланы аппаратқа таңып, жасанды дем берді. Полицейлер әйелден баланы қайдан тауып алғанын сұрады. Тергеу кезінде әйелдің баланы өзі босанғаны белгілі болды.