2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының электрондық паспорттары іске қосылады, деп хабарлайды қазақстандық автобизнес қауымдастығы.
Электронды паспортта автокөліктің толық тарихы болады екен, оның ішінде қойылған шектеулер, жасалған техникалық қызметтері мен көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат енеді.
Жаңа паспорт автокөліктер мен мотоциклдерге беріледі, әрі онда көлік құралының ЕАЭО-да жасалған немесе ЕАЭО-ға әкелінген кезінен бастап бар жазылады. Бұл құжатты қолдан жасау мүмкін емес болады деседі.
Болашақта қолдан көлік алған адам көліктің тарихын арнайы порталдан біле алатын болады.
Электронды техпаспортқа ауысу біртіндеп жүргізіледі. Ол паспорт ЕАЭО елдері үшін бірдей болады.
https://kaz.365info.kz/shan-basyp-ali-tyr-ymyt-khalgan-subaru-avtosalony-bar-eken-301642