Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Осыған дейін үндемеп ем…”. Баян Алагөзованың жан досы шыдай алмай кеткенін айтты

Өте ұят, өте ыңғайсыз болды. Баян – менің досым. Баян менің досым болғанымен, Баянға ештеңе айта алмадым. Баянның киносын көрсем, қоңырау шалып, ойыммен бөлісетінмін. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” туралы үндей алмадым.

Өйткені сол Әнесті (редактордан: Әнәс Бағдат – сериалдың режиссері, драматург) таныстырған мен едім. “Маған қазақтың кинодағы драматургы керек, Азамат” деп қоңырау шалғанда, “Мен тауып берейін, бізде Әнес деген керемет драматург бар” деп Әнес пен Баянды таныстырған мен едім… Көрдім де, ұялдым.

Актерлердің шеберлігі, жеткізуі, атмосфераны түсінбеушілігі, режиссердің таяздығы, сол телевидениенің төңірегінде түсіре салған. Маған аса ұнаған жоқ. Мен мұны қиянат деп білемін. Бізде қазақта әдемі сөз бар “аманат” деген бар”, – деді Азамат Сатыбалды.

 

https://kaz.365info.kz/zhelge-yshty-bayan-esentaeva-tysirgen-khozy-korpesh-filmi-nege-korsetilmejtin-boldy-296023

 

Ал продюсер Баян Мақсатқызы мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасындағы дауды Азамат Сатыбалды атын шығарудың, пиардың бір жолы деп есептейді.

“Ал Меруерт пен екеуінің арасындағы нәрсе пиар деп ойлаймын. Меруерт өзінің атын шығарғысы келіп жатыр, оған Баянның мінезі бар, жауап беріп жатыр. Екі әйелдің арасындағы әңгімеге біз жігітпіз, араласпаймыз”, – деп түйіндеді актер.

Естеріңізге сала кетейік, Азамат Сатыбалды мен жұбайы Назгүл Қарабалина Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қозы Көрпеш – Баян Сұлу рөлін 15 жыл бойы сомдаған.

 

https://kaz.365info.kz/sokhtykhpaj-tynysh-zhyrsin-moldir-auelbekova-303965

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз