Димашты „Тыңдайтын әнші емес, ондай әншіні өз басым тойға шақырмас едім„ деп сұқбат берген рэпер Ерболат Құдайбергеннің басы дауға қалды.
Бұл пікіріне қатысты артына түскен тележурналистерге өз ойын білдірген Ерболат, керісінше Димашты мақтан тұтатынын айтты.
«Димашты жамандады деп шу шығыпты. Интернет желісінде күніне бір дау шығады екен əртүрлі мағынамен! Бәрі өтірік әңгімелер!
Димаш – менің інім. Өзім оны қатты жақсы көремін. Қалай оны аузым барып жамандайды деп ойлайсыздар?
Ол – ІІ-ғасырда бір-ақ рет кездесетін өнер иесі, талантты. Өзімді “ағатайым” деп сыйлап тұрған інімді жамандап, төмендетеді деп ойлайсыздар ма? Керісінше, оны мақтан тұтам! Димашқа тек табыс тілеймін! Жас қой. Бағындырар биік белестері əлі алда!», – деп ағынан жарылды Құдайберген.
https://kaz.365info.kz/tyndajtyn-anshi-emes-tanymal-reper-dimashty-makhtajmyn-dep-synap-tastady-302872
Бұдан соң журналистер Ерболат Құдайбергенді енді тынышына қоймайды-ау. Айтылған сөз атылған оқпен бірдей.