Желіде бәрі батыр. Әншілер ойындағысын айта салып, кейін мұның үлкен дау туындататынын ескермей жатады.
Жақында істері сотқа дейін бара жаздаған Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың дауы желіні біраз шулатқан еді. Бірақ, екі тарап та тынышталып, жабулы қазан күйінде қалып қалған болатын. Осы жолы дау тағы да Баян Алагөзованың төңірегінде, бірақ қарсы тарапта Түсіпбаева емес, шәкірті Әуелбекова ханым.
https://kaz.365info.kz/kozime-tik-khara-bayan-makhsatkhyzy-moldir-auelbekovany-birge-syhbat-beruge-shakhyrdy-301333
Бұл жағдайдың орын алғанына да біраз уақыттың жүзі өтті, бірақ Мөлдір Әуелбекова асықпай мынадай шешімге келіпті.
Шешімін Гәкку арнасына берген сұқбатында айтты.
«Бәрі жіберді, ол жазбаны. Әрине, оқыдым. Бұндай жағдайлар талай рет болған. Менің етім әбден үйренген. Мен бұған мүлде назар аудармаймын.
Мен бұл тақырыпқа, «Keshyou» тобына қатысты мәселелерге мән бермеймін», – деді Әуелбекова.
Ал, Баянның ұсынысын әнші қабыл алған жоқ.
«Мен неге сұхбат беруім керек? Сұхбатты уақытында бірге бергенбіз.
Мен ол кітапты жапқанмын. Ал, жабылған нәрсені қайта ашудың керегі жоқ», – Мөлдір Әуелбекова
Желідегілер өз кезегінде Әуелбекованың шешіміне мынадай пікір білдіріп жатты: “Қорқып кетті”, “Баянның арқасында танымал болдың. Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бір шикілік бар сияқты, Мөлдір қорқып тұр», -дейді.
Ашық айқасқа баруға әнші жалтартты. Онда бұл әңгімені неліктен қозғады екен? Бәлкім, бұл қара пиардың жаңа түрі шығар. Білмейміз. Десе де, айтылған сөз атылған оқ боп қалатындығын түсінсе екен әншілер…
https://kaz.365info.kz/bir-tojda-asaba-moldir-auelbekovany-aldap-seltendetip-khojdy-video-300705