Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
9
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек-Елбасы

Оның айтуынша, бұл мәселеге мемлекеттік-жеке серіктестікті араластыру керек.

“Мысалы, төрт қабатты ескі үйлер тұр, олардың салынғанына 60-70 жыл болды. Ескі үйлерді бұзып, жерді бизнеске беру керек. Бұл тиімді ғой. Бизнеске ұтымды болады. (…) Мұнымен қоса, бұл жақсы тұрғын үйлерге көшуге мүмкіндік береді”, – деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдап, өзіндік сынның жоқтығы жайлы айтқан еді.

“Жақсы баяндадың, бірақ сын көзбен қарау керек”, – деген еді Президент Сағынтаевқа.

Айта кетейік, кеңейтілген отырыс үкімет ғимаратында өтіп жатыр. Назарбаев отырыстың жоспары мен баяндамалардың кезегі жайлы айтып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа сөз берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз