Қазақстанда жеңілдікпен автонесие алу үшін алдымен орыстың тілін жақсылап түсінетін қазақ болуыңыз керек сияқты: өйткені қағаз-мағаз, құжат-мұжат, банк, менеджер – түгел орысша сайрайтын көрінеді.
Мәселен, жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы Ұлттық қордың 8 миллиард теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейеді, – деп қазақша хабарлаған Тengrinews.kz тілшісі “Қазақстан даму банкі” АҚ сайтына сілтеме жасап, оның орысша қағаздарын көрсетіпті.
Сонымен қатар, ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөлікті сатып алуға кредит берудің қазіргі шарттары былай деп көрсетілген: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі – жылдық 4 пайыздан аспайды, кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 миллион теңгеден аспайды. Ал бастапқы жарнаның мөлшерін коммерциялық банктер дербес белгілейді. Қарыз алушыларға бағдарлама шеңберінде автокөліктердің Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai және тағы басқа сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылған, оларды құрастыру “СарыарқаАвтоӨнеркәсіп” ЖШС және “АЗИЯ АВТО” АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Қазақстанда 2015 жылғы сәуірде бастау алған, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 20 жылға есептелген. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінетін Ұлттық қордың қаражаты Бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. Бұған дейін Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордың жалпы сомасы 26 миллиард теңге екі траншы жіберілген болатын, оларды Бағдарламаға қатысушы ЕДБ толығымен игерді. Жеңілдікпен автокредит беру қаражатының есебінен 10 000-нан аса қазақстандықтар отандық өндірістің жаңа автокөліктерін сатып алды. Берілген қарыздардың жалпы сомасы қайталап игерілген қаражатты есептегенде, бүгінгі таңда 39 миллиард теңгеден асады. Қарыз алушыларға кредит беру револьверлік сипатты иеленеді, яғни жұмыс істеп тұрған кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңадан автокредит беруге жұмсалады.