Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада (Словения) өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилиялық маман Какау жаттықтыратын ұлттық құрама бірінші таймда қарсыластарын 1:0 есебімен жеңіп шықты. Қорғана жүріп ойнаған Қазақстан құрамасы қарсыластарын сәт сайын қапы қалдыруға тырысты. Сербтер шабуылда ширақ болғанмен, қазақстандық ойыншылардың жүйелі ойыны жанкүйерлер көңілінен шықты. 7 минутта Дугластың тепкен добын қақпашы Акцентовичқайтарып үлгерген. Қайта тепкен Серік Жаманқұловтың добы қақпа торында тулады. Одан кейінгі аралықта командалар қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білген. Бірінде қақпа маңдайшасына, бірінде қақпа бағанынан қайтып жатты.
Ойынның соңғы минуттары аса тартысты өтті. Сербия құрамасы таразы басын теңестіру үшін тайлы-тұяғымен шабуылға шықты. Бұл тұста Қазақстан құрамасының қорғанысы мен қақпашы Игитаның шеберлігі айрықша байқалды. Соңғы секундтарда Дуглас қарсыластар қателігін оңтайлы пайдаланып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Испания мен Украина құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
https://www.instagram.com/p/Be01rx7AIHm/?taken-by=vestigram