Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Алматының бір қазағы Атыраудан «жезөкшехана» ашыпты

122

Тергеу материалдары бойынша, бұл кісі өзімен бірге Алматыдан ар-ұяты аздау және ақшадан тарылған қыздарды ала келіпті. Содан Атыраудан пәтер жалдап притон ашыпты. Қыздардың тапқан ақшасының көбін өзі алып отырған екен.

Бірақ енді ол жезөкшелерге “барған” Атыраудың жігіттері бармағын тістеп қалмаса игі еді. Өйткені қыздардың бірі туберкулезге шалдыққан, тағы бірі 2016 жылдан бері “сифилис” диагнозымен есепте тұр екен.

Кеше Атыраудың №2 соты алматылық азаматты Бопсалаушылықбабы бойынша айыпты деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Бірақ «жеңгетай» жігіт сотта кінәсін мойындамай, сот үкіміне шағым жазғалы отыр.

Суретті Атырау облыстық ІІД түсірген
https://kaz.365info.kz/almatyda-bir-khazakh-zhezokshelermen-demalyp-750-myn-tenge-zhymsapty-269792

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз