Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО халықаралық форумына және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі – К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі – А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі – Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі – С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі – Д. Медведев, сондай-ақ Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары келді.
Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.