Астана денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде тараған суреттердің атышулы іске қатысы жоғын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен ер адам №2 қалалық ауруханада емделген. Медициналық мекемеде әлеуметтік желіде ер адамның суретін кім жариялағанын анықтау үшін ішкі қызметтік тергеу жүргізіпті.
https://kaz.365info.kz/astanada-zhigitinin-zhynys-myshesin-kesip-algan-ajeldin-hidzhab-kietini-belgili-boldy-300082
“Қызметтік тергеудің нәтижесінде медиа-файлдардың, оның ішінде науқастың мүшесінің суреттері жоғарыда аталған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екені анықталды”, — делінген хабарламада.
Қаңтардың соңында белгісіз біреулер интернетке сот қаулысының суретін шығарды. Бұл мәліметке сәйкес, 36 жастағы әйел қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастапты. Ол екі айға қамауға алынды.