Рудный қаласындағы автовокзалда ашық жерде тұрған GSUH 290 M 12 маркалы автобус өртенді, – деп хабарлайды “КН” порталы.
Өрт аккумулятор бөлігінен шыққан. Өрт туралы хабар Рудный қаласының кезекші бөліміне 15:06-да түскен. 15:20-да өрт ауыздықталып, 15:27-де толығымен сөндірілді. Өрт аумағы – 5 шаршы метр. Өрт сөндіруге екі арнайы техникамен Рудный қалалық №1 мамандандырылған жасағының сегіз адамы жұмылдырылды.