Бүгін елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстігінде жел күшейеді, батысында жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысында Жалаңашкөл аумағында жел 24-29 м/с-ке күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, екпіні 23 м/с-ке күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Алматы және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.