Қазір мұнда сақалды уақаптар көбейіп кетті. Ұйғырлар бар, Өзбекстаннан сақалды уақаптар келіп жатыр. Солар көбейіп, шатағы бізге тиіп жатыр. Ұқсаймыз ғой, содан айыра алмайды, ұстай береді бәрімізді.
Бұл туралы Досым Сəтпаевтың қолдауымен түсірілген “Стамбулдан шыққан Қазақ” деректі фильмінде сол жақтағы қазақ таксиші әңгімелейді.
“Түркияда қазір жағдай қиын боп тұр. Терроризм. Күрдтердің кесірінен түріктер көтеріле алмай отыр.
Түріктерге жаманшылық жасаған жоқпыз, ішімізден бір жаман шыққан жоқ. Сондықтан қазақтарды мұнда жақсы көреді, құрметтейді.
Соңғы кездері мұнда сақалды уақаптар көбейіп кетті. Көбіне ұйғыр мен өзбектер. Тәртіп күшейген, бәрін жағалай тексереді. Соның кесірі осындағы қазаққа тиіп кетуде. Түрімізді айыра алмайды ғой олар” – дейді таксиші.
Жалпы, видеода Ыстамбұлдағы қазақтар тұратын Зейтінбұрну ауданының, сол секілді Қазақстанға көшіп келген Түркия қазағының өмірі мен жай-күйі салыстырмалы түрде көрсетіледі.