Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр. Өткен жылы өңірде 78 810 бала дүниеге келген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылғы қаңтар-қарашада көші-қонмен облысқа келген халықтың саны 23 956 адамды құрады. Оның ішінде 22 556 адам Қазақстанның басқа облыстарынан, 1293 – ынтымақтастық елдерінен, 107 адам – алыс шетелдерден келгендер», – деді Айдар Әбілдабеков.
Ал, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 43 509 теңгені құраған. Жұрттың ақшалай шығыстарының 95,8 пайызы тұтыну шығыстарына, яғни азық түлік және азық түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерге тиесілі болған.