Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы виртуалды соттар құрмақ

Алдағы 2-3 жылдың ішінде виртуалды соттар құру міндетін қоямыз.

Онда процеске қатысушылардың барлығын сот залына жинаудың қажеттілігі болмай қалады. Олардың қай-қайсысы да үйінде отырып, шетелден процеске қатыса алатын болады», – деді Жоғарғы сот төрағасы.

Сонымен қатар, ол ІТ-инфрақұрылымы бар болса да судьялардың қағазбастылықтан әлі күнге арыла алмай отырғандығын сынады.

«Біріншіден компьютермен жұмыс істегіміз келмейді. Екіншіден компьютерлік сауат төмен. Үшіншіден, ІТ-сервис мүмкіндіктерін аз айтамыз. Төртіншіден, техникалық құралдар жоқ. Бесіншіден, интернет жылдамдығы төмен және жоқ та. Басты проблема – судьялардың өздері. Шындығын айтқанда, қағазға үйреніп алғанбыз. Мен де қағазды жақсы көрем. Бірақ, қазір менің өтінішіммен жалпы бөлім маған бірнеше тапсырма жүктеді. Олар мені мықтап қолға алды және таяу аралықта тіпті табанды түрде талап етсем де құжаттарды қағаз күйінде әкелмеуге уәде берді», – деді Жақып Асанов.

Кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы сот жүйесінде ешқандай реформа жасамайтындығын мәлім етті.

Сонымен қатар ол, дауды сотқа жеткізіп, айқай-шумен шешкісі келетіндер көбейіп кеткенін айтып, бітімгерлік мәдениетінің керектігін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз