Иранда грек-рим күресінен өтіп жатқан халықаралық Тахти-2018 кубогында төрт балуанымыз финалға шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.
Аталған турнирге әлемнің 13 елінен жиналған ең мықты балуандар сынға түсуде. Олардың қатарында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы да бар.
Сонымен қатар, 72 келі салмақтағы ел намысын қорғаған Демеу Жадыраев алғашқы белдесуінде әзербайжандық Санан Сүлеймановты, екінші белдесуінде ирандық Фаршад Факехты ұтып финалда белдесуге мүмкіндік алса, 87 келі салмақта Хусейн Муцольгов бірінші белдесуінде болгар, екінші айналымда түрік, үшінші белдесуінде қырғыз балуандарының жауырынын жер искетіп, финалға шықты.
Ал жартылай финалда қарсыластарына есе жіберген Мейрамбек Айнағұлов, Ибрагим Магомадов және Дастан Зарлыхановтар бүгін қола медаль үшін сынға түсетін болады.