Павлодар облысында көлігі жол жиегіндегі жырадағы қарға батқан ер адам полиция қызметкерлерінің көмегімен құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«20:00 шамасында Павлодар тұрғыны қолайсыз ауа райына қарамастан «Nissan Cedric» маркалы автокөлігімен Екібастұзға жолға шыққан. Күре жолда көлікті басқара алмай, жырадағы омбы қарға түсіп кеткен», – дейді Павлодар облысы ішкі істер департаментіндегілер.
«Аға сержанттар Бауыржан Төкенов пен Азбек Қамзин төбесіне дейін қарға батқан машинаны көріп, көмекке келген. Олар қарды күрекпен күреп, машинаны шығарды», – дейді полициядағылар.
53 жастағы жүргізуші полицияға алғысын айтып, үйіне қарай жол тартты.