Ерекше дауысымен әлемді тамсандырып, өзіне тәнті еткен Димаш Құдайберген өз танымалдылығының құпиясын ашатын бір видеосымен бөлісті.
Бұл видео әншінің Инстаграмдағы жеке парақшасында жарияланды. Видеодан Димаштың еш дем алмастан, басын судан шығармай бассейіннің басынан аяғына дейін жүзіп өткенін көруге болады.
https://kaz.365info.kz/khytajlardyn-esi-shykhty-dimash-tagy-zhardy-video-279484
“Спорт – денсаулық кепілі” дейді. Жанды дауыстағы концерттеріміз ойдағыдай өтуі үшін осылай диафрагмамызға жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Ауырмаңыздар ағайын, денсаулықты қолға алайық”, – деп жазды Димаштың өзі.