2018 жылғы 24 қаңтарда Стокгольм қаласының округтік соты Ұлттық қордың Швецияда орналасқан активтеріне тыйым салу жөніндегі бұдан бұрын қабылданған бұйрықтың күшін жоймау туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы мәлімет ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, швед соты Ұлттық қордың 33 швед компаниясының акциясына салған жалпы сомасы шамамен 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне иелік етуге және Қазақстанның Швециядағы елшілігінің банк шоттарына уақытша шектеу қойды.
сот активтердің мәртебесі, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы және оның Ұлттық қордың қаражатын басқару бойынша өкілеттіктері туралы дәлелдерді назарға алмады.
Енді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық банк тыйым салынған қаражаттың халықаралық келісімдерге сәйкес қол сұғылмайтындығын дәлелдей отырып, аталған шешімге Швецияның апелляциялық сотында шағым жасайтын болады.
Айта кетелік, Ұлттық қордың белгілі бір активін бұғаттауға 4 мемлекеттің соты өкім шығарған. Қазақстан бүгіндері үш мемлекеттің сотына қарсы арыз түсіріп үлгерді. Ұлыбритания мен Нидерланды соты Қазақстан билігінің өтінішін қанағаттандырды. Сөйтіп Ұлттық қор ақшасының көп бөлігі , яғни 22 млрд доллар бұғаттан шығарылды. Тек Швеция сотында Қазақстан жеңіліске ұшырап, 100 млн доллардан қағылып тұр, әзірге.