“Еуразия” бірінші арнасынан көрсетілетін “Қалаулым” бағдарламасы бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
“Қалаулым” бағдарламасы бойынша тексеріс әлі жүріп жатыр. Бұған қатысты арнайы жауап береміз, дайындап жатырмыз. Бір шешімін табамыз деп ойлаймын”, — деп жауап қайырды министр қысқа да нұсқа.
Қазіргі таңда “Қалаулым” бағдарламасы “Еуразия” бірінші арнасынан әлі де көрсетіледі.