Алтынай Жорабаеваның сахнада ән айтып болған сәтінен Елбасының жақындап қол алған бейнесі желіні біраз шулатқан еді.
Барлығын қызықтырған “Елбасы сонда не айтты?” деген сұраққа әнші жауап берді.
“Президентті Астанадағы жеке кешіме шақырған болатынмын. Ол кісілерде жұмыс көп, жылдың аяғы дегендей. Бірақ сол шақырту хатымның ол кісіге жеткеніне қуандым. Келесі күні тағы да мемлекеттік концертке қатыстым. Әнімді айтып болғанда Елбасы орнынан тұрып:
“Бері кел, Алтынай” деп шақырғанда қорқып, дірілдеп, сахнада не істерімді білмей қалдым.
Елбасы қолымды алып: “Айналайын, кеше концертің жақсы өтті ме? Шақырғаныңа рақмет, келе алмадым. Бірақ бүгінгі концертте менің алдымда ән салып берсін деп сені айтып едім. Менің сөзімді тастамай келгеніңе рақмет”, – деді Елбасы.
https://kaz.365info.kz/bari-zhygirip-ketti-nazarbaev-altynaj-zhorabaevanyn-kholyn-aldy-video-293531
“Меніңше бұндай құрмет ешқандай әншіде болмады-ау деп ойлаймын”, – деді Алтынай.
https://kaz.365info.kz/khokhandap-ketedi-altynaj-zhorabaevanyn-ake-sheshesi-sabit-turaly-oz-ojlaryn-ajtty-294768