Бүгінде Қостанайдағы тәртіп сақшыларының қатарына алыну үшін 107 үміткер тәжірибеден өтіп жатыр. Олар жақын арада ант қабылдау рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
Бұған қоса, биыл Қостанай, Алматы қалаларындағы ҚР ІІМ академиялары мен Ақтөбедегі заң институтын тәмамдаған 53 курсант Қостанайдағы полиция қызметіне алынады.
«Осы жылы Қостанай облысы ІІД құрамына 70 сержант қабылданады. Олардың көбі жол-бақылау полициясы мен көші-қон қызметіне жұмылдырылмақ. Жас мамандар ҚР ІІМ Қостанайдағы оқу орталығында 3 айлық курстан өтіп жатыр. Болашақ оперативтік қызметкерлер, тергеушілер, криминалистер, учаскелік инспекторлар сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін полиция лейтенанты атағын алады. Жалпы, биыл Қостанайдағы тәртіп сақшыларының қатарына алыну үшін 107 үміткер тәжірибеден өтіп жатыр», – делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.